26
апрель
2026
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар жеке білім беру маршруты» шеберлік сынып
27.03.2026 ж. Абай облысы білім басқармасы, Семей қаласы білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Бастауыш және мектепалды сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен практикалық шешімдер» атты облыстық әдістемелік семинар аясында «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар жеке білім беру маршруты» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді. Шеберлік сыныптың мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға сапалы білім беру мақсатында, жеке білім беру маршрутын құру, жоспарлау және жүзеге асыру бойынша педагогтардың тәжірибе алмасуымен ұйымдастыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру. Шеберлік сыныпты өткізген мұғалімдер: Асанова Мадина Оразханқызы – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор; Жұбайханова Ақмарал Шыңғысбекқызы– бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор


