13
март
2026
"Өлең, мен сені аялап өтем..."Т.Әшірбайқызы атындағы дәстүрлі мәнерлеп оқу сайысы
"Өлең, мен сені аялап өтем..." тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы дәстүрлі мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – ұстаздардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, поэзияны жүрекпен сезініп, шебер жеткізе білу қабілетін дамыту. Әр бірлестіктен қатысқан әріптестер қазақ әдебиетінің көрнекті ақындарының шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Әрбір қатысушының сахнадағы шеберлігі, дауыс ырғағы, сезімге толы орындауы байқаудың мазмұнын тереңдетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалап, үздіктерді арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.
Нәтижесінде Н.О.Қалдиева, А.Д.Мухаметжанова, Н.Т.Имангожина, Н.Г.Омирханова атаулы номинациялармен марапатталса,
🥉орын иегерлері: Аканова М.М, Аманғазыұлы А, Арипбекова А.Ч.
🥈 орын иегерлері:
Толеуова А.А, Имангалиева М.М.
🥇 орын иегері: Айтбаева Ж.А.
🏆БАС ЖҮЛДЕ Чурчитбаев Екпін Мұратұлына бұйырды. Жеңімпаздарға Тұрсынай Әшірбайқызының туыстарының демеушілігімен ақшалай сыйақылар табыс етілді.
Барлық қатысушыларға және қолдау білдірген әріптестерімізге алғыс білдіреміз!