12
март
2026
Есіңде сақта!
Сан есім сөздердің емлесі
| № | Ережесі | Мысалы |
|---|---|---|
| 1 | Күрделі сан есімдер бөлек жазылады. | Жүз алпыс бес |
| 2 | Цифрмен жазылған сан есімге қосымша дефис арқылы жалғанады. | 36-үйдің, 5-пәтері |
| 3 | Реттік сан есімдер араб цифрымен жазылса, -ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнағының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен жазылса, дефис қойылмайды. | 5-сынып, 2-қабат; V сынып, XX ғасыр |
| 4 | Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен жазылса, дефис жазылмайды. | 2017 жылдың 22 наурызы |
| 5 | Екі, алты, жеті деген сандарға жинақтық сан есім жұрнақтары жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары түсіп қалады. | Екі – екеу, алты – алтау, жеті – жетеу |


