03
март
2026
«Мектеп аруы – 2026» атты байқауы
Мектебімізде «Мектеп аруы – 2026» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың өнерін, шығармашылығын, білімін және сахна мәдениетін дамыту. Сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстыру, өнер көрсету, сән үлгісі және түрлі шығармашылық тапсырмалар бойынша бақ сынады. Әр қатысушы өз қабілетін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін, тапқырлығын және сахнада өзін ұстауын бағалады. Нәтижесінде үздік қатысушы «Мектеп аруы – 2026» атағына ие болып, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.


