02
март
2026
«Бәріңізге мың алғыс!» тақырыбында тәрбие сағаттары
Мектебімізде «Бәріңізге мың алғыс!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шара барлық сыныптарда ұйымдастырылып, оқушыларға алғыс айту мен ризашылық білдірудің маңызы түсіндірілді. Тәрбие сағатында оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына және жақын жандарына алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін айтты. Сонымен қатар түрлі шығармашылық тапсырмалар, пікір алмасу және шағын көріністер ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын арттырып, мейірімділікке тәрбиелеуге бағытталды. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы оқушылардың адамгершілік құндылықтары нығая түседі.


