06
февраль
2026
“ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА” челленджіне қатысуға шақырамыз
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА” челленджіне қатысуға шақырамыз. Челлендждің мақсаты – балалар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітапты ең құнды рухани сыйлық ретінде дәріптеу, мейірімділік пен бөлісу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар балалар кітапханасының қорын толықтыруға үлес қосу, оқырмандарды кітапханаға тарту және оқуға деген сүйіспеншілікті шын жүректен сыйланған кітап арқылы ояту.


