«І.Жансүгіров оқулары» және «Мұқағали оқулары» байқауының қалалық кезеңі
Жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары арасында өткен республикалық «І.Жансүгіров оқулары» және «Мұқағали оқулары» байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Облыстық кезеңге өткен 8 «А» сынып оқушысы Бекжан Каусарға сәттілік тілейміз!
№ | Байқау атауы/бағыты | Оқушының аты-жөні | Сынып | Жетекшісі | Орны |
1 | «І.Жансүгіров оқулары» байқауының «Заманның заңғар тұлғасы» (буктрейлер) номинациясы | Бекжан Каусар | 8 «А» | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.О.Темірғалиева | І орын |
2 | «І.Жансүгіров оқулары» байқауының «Ілияс – қарасөз шебері» (көркем сөз оқу) номинациясы | Солтанғазина Анель | 10 «А» | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Ж.Н.Нурлыбаева | ІІ орын |
3 | «Мұқағали оқулары» байқауының «Жыр эстафетасы» (поэмаларын жатқа айту) номинациясы | Дикенов Керім | 7 «В» | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Б.Б.Сейтказина | ІІІ орын |
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Нурлыбаева


