27
январь
2026
Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейге танымдық экскурсия
10 «А» сынып оқушылары Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейге танымдық экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар ұлы жазушы Фёдор Михайлович Достоевскийдің Семей қаласындағы өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ даласымен рухани байланысы туралы құнды мағлұматтар алды. Экскурсия барысында әдебиет пен тарихтың өзара сабақтастығы айқын көрініс тапты. Аталған мәдени іс-шара 10 «А» сынып оқушылары үшін тағылымы мол, әсерлі кездесу болды. Мұндай танымдық сапарлар жас ұрпақтың ұлттық және әлемдік мәдениетке деген құрметін арттырып, тұлғалық дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Сынып жетекшісі:Арипбекова А.Ч.


