28
январь
2026
📚“Заңды білу-өз құқығыңды қорғау” тақырыбында 7 “В” сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті.
📌Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсініп, заңды құрметтеуге бағытталды. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының негізгі заңдары, бала құқықтары, жауапкершілік түрлері туралы мағлұмат алып, өмірде кездесетін жағдаяттар арқылы өз құқықтарын қорғау жолдарын үйренді. Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, әділдікке, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға баулуға ықпал етті. 📚Сынып жетекшісі: Сейтказина Б.Б.
Семей қаласы #Адал_азамат_Абай_облысы_Семей#АПҚО_Абай_облысы_Семей
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Семей



