26
январь
2026
«Білім алушылардың девиантты мінез-құлқының себептері, түрлері және алдын алу жұмыстары» тәжірибе алмасу
Семей қаласында №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте Семей қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім алушылардың девиантты мінез-құлқының себептері, түрлері және алдын алу жұмыстары» тақырыбында тәжірибе алмасу алаңы өтті. Семинардың мақсаты – девиантты мінез-құлықтың себептерін талдау, оның түрлерін ажырату және алдын алу бағытындағы тиімді тәжірибелермен бөлісу.


