03
сентябрь
2025
Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Оқу-тәрбие үдерісіне байланысты барлық іс-шаралар тегін ұйымдастырылады. Егер қандай да бір заңсыз ақша жинау дерегі анықталған жағдайда, мектеп әкімшілігіне хабарлауыңызды сұраймыз. Мектепте ата-аналардан ақша жинауға жол берілмейді. Бұл талап Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.Мектеп әкімшілігі ата-аналармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуды басты назарда ұстайды.
Мектеп әкімшілігі


