18
декабрь
2025
Ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ауқымды іс-шара
Бүгін білім ордасында мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп директоры А.С.Ахметкаримова алғы сөз сөйлеп, республикалық, облыстық зияткерлік білім, өнер, спорттық сайыстарда белсенділік танытып, өзінің терең білімімен, шығармашылық қабілетімен жоғары жетістікке жеткен білім алушылардың ата-аналарына алғыс хаттар табыстады. Іс-шара соңы оқушылардың дайындаған әдеби-сазды концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Ұлт болашағы үшін бірлесе еңбек ететін ата-аналарға алғысымыз шексіз!


