«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» тақырыбында әдеби-сазды кеш
Мектебімізде ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Мақсаты – ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыру.Кеш барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.