Материалы за 20.01.2026 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат
20
январь
2026
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат
2026 жылдың 20 қаңтарында, 9 «А» сынып оқушылары Семей төріндегі қасиетті мекен — Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат жасады.Оқушылар әлемдік әдебиеттің алыбы, ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығына терең бойлап, оның Ш. Уәлихановпен болған достығы жайында құнды деректермен танысты. Бұл сапар жасөспірімдердің әдебиетке деген құштарлығын оятып, ерекше рухани әсер сыйлады. Сынып жетекшісі: А.А. Бектурсынова
«Көңілді үзіліс»
20
январь
2026
«Көңілді үзіліс»
 Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс» №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте Шәкәрім университетінің 3 курс, М1-301 тобының студенттері ұйымдастырған танымдық әрі көңілді ойын өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру және оқу үдерісін қызықты форматта ұйымдастыру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, шапшаңдық пен тапқырлықтарын көрсете білді 🎈
"Заң сенен басталады" тақырыбындағы челендж
20
январь
2026
"Заң сенен басталады" тақырыбындағы челендж
[media=https://youtube.com/shorts/FG-kZ8wqqlw?feature=share]  Абай облысы Семей қаласының №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10"А" сынып оқушылары "Адал азамат"біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес қаңтар-"Заң және тәртіп" айы аясында "Заңның 30 секунды", "Заң сенен басталады" тақырыбындағы челенджге өз үлестерін қосты. Мақсаты: оқушыларға өз міндет,құқықтарын кеңінен таныстыру. Әр азаматтың өз құқығын сақтай білуге тәрбиелеу.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
20
январь
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
7-8 сынып оқушыларына арналған "Абай и Пушкин о любви и жизни: поэзия объединяющая народа" атты облыстық мәнерлеп оқу байқауында  Мырзакаримова Жадыра (жетекшісі - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Б.А.Мустапанова) жүлделі ІІІ орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
9" Ә" сынып  Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат
20
январь
2026
9" Ә" сынып Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық
2026 жылдың 20 қаңтарында, 9" Ә" сынып оқушылары Семей төріндегі қасиетті мекен — Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат жасады.Оқушылар әлемдік әдебиеттің алыбы, ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығына терең бойлап, оның Ш. Уәлихановпен болған достығы жайында құнды деректермен танысты. Бұл сапар жасөспірімдердің әдебиетке деген құштарлығын оятып, ерекше рухани әсер сыйлады.Сынып жетекшісі: Б.А.Мустапанова