2026 жылғы ҰБТ: Қаңтар айында өтетін тестке тіркеу басталады
22 желтоқсанда қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға тіркеу басталады. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.