Материалы за Сентябрь 2025 года » Страница 8 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года » Страница 8
"Тіл-тәуелсіздік кепілі"  атты 10-11 сынып оқушылары арасындак эссе байқауы
08
сентябрь
2025
"Тіл-тәуелсіздік кепілі" атты 10-11 сынып оқушылары арасындак эссе
"Көптілділік-кемел болашақ кепілі" атты Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай өткізілген "Тіл-тәуелсіздік кепілі" тақырыбында мектебімізде 10-11 сынып оқушылары арасында 08.09.2025 күні мектепішілік эссе байқауы болып өтті. Тіл сүйер қауым туған тілдің құдіреті туралы толғанып, сүйіспешілігін қағаз бетіне түсіре білді. Қазылар алқасының тексеруімен ең үздік жұмыстар марапатқа ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Л.Т
"Тілдер шеруі" айлығының ашылу салтанаты
05
сентябрь
2025
"Тілдер шеруі" айлығының ашылу салтанаты
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні, Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай "Көптілділік - кемел болашақтың кепілі" тақырыбында "Тілдер шеруі" айлығының ашылу салтанаты өтті. Қазақ тілі мен басқа да Қазақстандағы тілдердің маңыздылығын және ұлттың рухани байлығын көрсету, тілдің, елдің дамуы мен халықаралық аренадағы рөлін насихаттау мақсатында жоспарланған тілдер айлығының ашылу салтанатында мектеп оқушылары мен ұстаздары
9-11 сынып оқушылары 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері
05
сентябрь
2025
9-11 сынып оқушылары 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері
16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай, қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А. Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазды.Мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында ұйымдастырылған жалпықазақстандық ашық диктантқа 165 оқушы қатысты.
«Сенімділік қалыптастырамыз: баланы оқу процесінде қалай қолдауға болады» ата-аналарына жиналыс
05
сентябрь
2025
«Сенімділік қалыптастырамыз: баланы оқу процесінде қалай қолдауға
2-4 сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізілді.  Тақырыбы: «Сенімділік қалыптастырамыз: баланы оқу процесінде қалай қолдауға болады». Ата-аналарға бастауыш сынып оқушыларының сенімділігі мен өзін-өзі бағалауына әсер ететін факторларды түсіндіру, оқу процесінде баланы тиімді қолдау стратегияларына үйрету, қателіктерге қатысты қорқынышты азайту және отбасындағы эмоционалдық байланысты нығайту.