Информация » Страница 64 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
«Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты»  ашық сабақ
07
февраль
2023
«Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты» ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігінің аясында пән мұғалімі Ж.Н.Нұрлыбаева 8 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ««Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сыныпты үш топқа бөліп, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланды. Интерактивті тақтадан тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіп, оқушылар сол бойынша да жұмыс жасады. «Сиқырлы қобдиша» әдісімен сабақты қорытындылап, сынып оқушыларына Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын сыйға тартты. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
07
февраль
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
««Қазақ тілі» пәнінен білім беру арқылы мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жолдары» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі 06.02.-17.02.2023 жыл аралығында өтеді. 06.02 күні аталмыш іс-шараның ашылу салтанаты «Бауырсақ-береке» үлгісі бойынша басталды. Ұйымдастырушылар арнайы ұлттық тағамдардан дастархан жайып, оқушылар мен мұғалімдерге сұрақтар қойды. Сұраққа дұрыс жауап бергендер жайылған дастарханнан дәм татты. Ұлттық құндылықтарымызды
Әртүрлі елдегі амандасу салттары
06
февраль
2023
Әртүрлі елдегі амандасу салттары
Қазақ халқы сәлемдесу мәдениетіне аса мән берген. "Сәлем – сөздің анасы", "Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше", "Сәлемге сөз таба білмеген халыққа жол таба білмейді" деген мақал-мәтелдер сөз басы сәлемдесу екенін ұқтырады.  Әр елдің  амандасу салтымен танысу, және өз халқымыздың дәстүрлерімен салыстыру және ә р түрлі халықтар өмірінен мол мағлұмат  алып оқушыларға насихаттау.
ЖОББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
04
февраль
2023
ЖОББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
«№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде орын алған оқушылар. Осымен бір жұмаға созылған жалпы орта білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өз мәресіне жетті. Төрт оқушы 2 орын, 14 оқушы 3 орын алды. Мектебіміз биіктен көріне берсін. Жеңістеріміз көп болсын!! ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Бала тәрбиесіне байыпты қарайық"атты дөңгелек стол
04
февраль
2023
"Бала тәрбиесіне байыпты қарайық"атты дөңгелек стол
"Ізгілік"бірлестігінің "Ізгілік-өнегеліктің шыңы"онкүндігінің аясында "Бала тәрбиесіне байыпты қарайық"атты дөңгелек стол 8-10 сыныптар арасында ата-аналардың қатысуымен өткізілді.Ата-аналар Төлеуханова Марал,Кундукбаева Мейрамгүл тәлім-тәрбие туралы оқушылардың қойған сұрақтары на жауап беріп,өз ойларын ортаға салды.Мақсаты:Оқушылардың ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету,отбасы мүшелерінің арасындағы қайырымдылық ты,сыйластықты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімді нығайту.
"Отбасы-тәрбиенің басты ұясы"  ата-аналар жиналысы
03
февраль
2023
"Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" ата-аналар жиналысы
7"В" сыныбында "Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналар "Мен қаншалықты жақсы баламды білемін?, "Қалай баланы дұрыс тәрбиелеу керек?" деген сұрақтарға ақылдасып, жауап беруге тырысты. Сынып жетекшісі: Арипбекова Ардак Чариповна. 
"АМАНОВТЫ ТАНУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ..." атты танымдық сабағы
02
февраль
2023
"АМАНОВТЫ ТАНУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ..." атты танымдық сабағы
Алаштың ғұлама ғалымдарының бірі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылымдар Академисяының корреспондент-мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, мектеп атын асқақтатқан түлек, профессор Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың туғанына 2023 жылдың 25 амызында 100 жыл толады.Аталған мерекеге орай "АМАНОВТЫ ТАНУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ..." атты танымдық сабағын математика пәні мұғалімі Нурбаева Жазира Есенкелдіқызы өткізді.
"Тамақтану әдебі" атты шеберлік сағаты
02
февраль
2023
"Тамақтану әдебі" атты шеберлік сағаты
Ізгілік бірлестігінің онкүндігінің аясында 01.02.2023 күні "Тамақтану әдебі" атты шеберлік сағаты өтті. Жауапты: әлеуметтік педагог Б.М.Стамбекова 
Ізгі тілектер күні
02
февраль
2023
Ізгі тілектер күні
Оқушылардың бір -біріне және ұстаздарына арналған ізгі тілектер бұрышы