07
февраль
2023
«Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты» ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігінің аясында пән мұғалімі Ж.Н.Нұрлыбаева 8 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сыныпты үш топқа бөліп, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланды. Интерактивті тақтадан тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіп, оқушылар сол бойынша да жұмыс жасады. «Сиқырлы қобдиша» әдісімен сабақты қорытындылап, сынып оқушыларына Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын сыйға тартты.
