Бейсен Жұмагелдиннің 100 жылдық іс-шаралар
16 мектепте Бейсен Жұмагелдиннің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында Бейсен Жұмагелдиннің өмірі мен еңбектеріне арналған баяндамалар жасалып, оқушылар оның еңбегін дәріптейтін өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қонақтар оның халқына сіңірген еңбегін жылы лебіздермен еске алды. Іс-шара жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихи тұлғалардың еңбегін құрметтеуге бағытталған мазмұнымен ерекшеленді.