"Бәйшешек сыйлау" би қойылымы
15 март күні мектебімізде "Бәйшешек сыйлау" би қойылымы болып өтті.№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте Ұлыстың Ұлы күні 22 март мерекесіне орай «Бәйшешек» атты би композициясы қойылды. 2-7 сыныптан 40 қыз бала қатысқан би қойылымының мағынасы көктемнің басында, қыстың қары толығымен еріп бітпеген кезде тауда және тау бөктерінде, ормандағы қардың астында, толығымен ерімеген ала қардың астынан ақ, көгілдір немесе күлгін ғажайып, бәйшешек гүлінің шығуын бейнелейді.