Мархаметов Жомарт Базенұлы атындағы қалалық ХІV математика пәні олимпиадасы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » Мархаметов Жомарт Базенұлы атындағы қалалық ХІV математика пәні олимпиадасы
05
май
2023

Мархаметов Жомарт Базенұлы атындағы қалалық ХІV математика пәні олимпиадасы

Бүгін Семей қаласының №16 орта мектебінде ұлы математик, ұлағатты ұстаз, ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі Мархаметов Жомарт Базенұлы атындағы қалалық ХІV математика пәні олимпиадасының ашылу салтанатына қатыстым. Бұл салтанатқа қатысуым кездейсоқ емес.
Себеі Жомарт Базенұлы осыдан 25 жыл бұрын маған математикадан Дарын мектебінде сабақ беріп, осы пәнді жан-жақты жетік меңгеру үшін көптеген кеңестер мен түрлі тәсілдердің сырын ашқан ұстазым. Оған қоса мені олимпиадаға да дайындаған ерекеше асыл тұлға еді. Ол кісіге деген алғысым шексіз!
Жомарт Базенұлы ұзақ жылғы педагогикалық еңбектері үшін 1991 ж. ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталып, ал 1993 ж. «Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру ісінің үздігі» атағына ие болды. 1999 ж Астана қаласында өткен Республикалық «Қазақстан жыл мұғалімі – 99» сайысына қатысып, «Қазақстанның ең тәжірибелі мұғалімі» номинациясын жеңіп алды.
Өкінішке орай 2007 жылдың ноябрь айында Жомарт Базенұлы өмірден өтті. 2008 жылы Ж.Базенұлы атындағы кабинет ашылып, осы жылдан 5-7 сынып оқушылар арасында математика пәніне олимпиада өткізіп келеді. Бүгін олимпиадаға 400-ге жуық жас математиктер қатысуда. Жылдан жылға қатысушылардың санының артуы өте қуанышты, себебі математика – ғылымдардың патшасы. Осы орайда келесі шумақ өлең еске келді:
«Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның»

Келесі жылы осы іс-шара 15-ші рет өткізілетін ескере отырып, Жомарт Базенұлы атындағы қалалық математика пәні олимпиадасын жаңа Абай облысы деңгейінде, барлық аудандар мен ауылды мекендерден математика пәнін сүйетін оқушыларды шақырып ерекеше атап өткіземіз деген жоспарымыз бар.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив