1857-1859жылдардағы Үндістандағы оқиғаларды ХІХ ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1857-1859жылдардағы Үндістандағы оқиғаларды ХІХ ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды
27
февраль
2019

1857-1859жылдардағы Үндістандағы оқиғаларды ХІХ ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды

ҰМЖ тарауы: 
ХІХ ғасырдағы   
Еуропалық отаршыл үстемдік
Күні:  21.02.2019
Сыныбы: 8 «б»
Мектеп:  «Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: А А.А.
Қатысқандар:
 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы 1857-1859жылдардағы Үндістандағы оқиғаларды ХІХ ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)7.1.1.3        -Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан,Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау.
7.3.2.6     - Еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау
Сабақтың 
мақсаты
Барлығы: Сипайлар көтерілісін біледі, оның сылтауын атайды.
Көпшілігі: Ағылшындардың Үндістандағы отаршылдық саясатының салдарына мысал келтіреді
 Кейбіреуі: Ағылшындардың Үндістан және Қытайда жүргізген отаршылдық саясатын салыстыра алады.т
Бағалау критерийі
  • Шығыстың дәстүрлі қоғамына отаршылдық жаулап алудың әсерін көрсетеді
  • Еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын түсіндіреді.
Тілдік мақсаттар
Тыңдалым: мұғалімнің түсіндірмесі мен сыныптастарының жауаптарын тыңдайды
Оқылым: ақпараттық мәтіндер және карточкалармен жұмыс
Жазылым: оқушылар сұрақтарға ауызша да, жазбаша да жауап береді
Сөйлеу: жұп та, топта бірлесіп талқылау кезінде, сұрақтарға жауап беру кезінде, оқиғаны интерпретациялау кезінде, ақпараттық мәтінмен  және оқулықпен жұмыс кезінде, қорытындылар жасау кезінде.  
Пәнге тән лексика мен терминология: 
Сипай, үнді, каста, оқ, көтеріліс, сикх, тура басқару, Бірінші тәуелсіздік үшін соғыс
 Диалог пен жазуға керекті пайдалы сөз тіркестері:  
Мұның себебі......... 
Менің ойымша, ағылшын басқаруының артықшылығы/кемшілігі ретінде ...................атауға болады, себебі........ 
Сипайлар көтерілісі нәтижесінде болған өзгерістер ретінде мына жағдайларды атар едім:...........
   Құндылықтарға        баулу
Үндістан халқының тәуелсіздік үшін күресін анықтай отырып,
«Мәңгілі елдің» «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана» құндылықтарына баулу.
Пәнаралық 
байланыс
Қазақстан тарихы,география
Алдыңғы білім
Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктері туралы     және Еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау туралы түсініктері бар, сол арқылы  ХІХ ғасырдағы Үндістандағы оқиғаларды сипаттауда қолданады.
Тарихи концепт  интрепретация
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекет 
Ресурстар
Сабақтың басы
 0-5 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу,сынып бойынша түгендеу). 
2. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 
«Біздің сабаққа арналған ұранымыз»
Мақсаты: рух көтеру, өзіне және өзара сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
3.Сабаққа кіріспе. «Кино-бейне метафора». Үнділік «Көтеріліс» фильмінен үзінді және «Лакхнау шайқасы» картинасын көрсетіп, оларды не байланыстыратынын сұрау. Бүгінгі сабақта 1857-59 жж Үндістандағы оқиғаларға ХІХ ғ ағылшындар мен заманауи үнділердің көзқарастары туралы сөз болатыны айтылады
«Көтеріліс»
(2005ж) фильмінен үзінді және картинаның суреті бар слайд
Тақырыппен және сабақ мақсатымен танысу
5-8 мин.
Сабақ тақырыбы және мақсаттары хабарланады, тарихи концепт –интерпретация екендігі айтылады. Ост-Үнді компаниясының Үндістанды XVІІІ ғ жаулап алғандығы еске түсіріледіТақырып, мақсат жазылған слайд
Сабақтың ортасы  
8-13 мин
13-18 мин
18-20 мин
20-25 мин
25-32 мин
(Т) 1 тапсырма: Мәтінмен жұмыс.  Екі жақты кесте
(Дадабхай Народжидің карточкаларымен танысу арқылы)
1-2 топтар: «Британдықтардың билеуі кезіндегі жағымды өзгерістер» 
3-4 топтар:  «Британдықтардың билеуі кезіндегі кемшіліктер»
Қорғалады.
Дескриптор:
- Британдықтардың басқаруы кезіндегі артықшылықтарды атайды
- Британдықтардың басқаруы кезіндегі кемшіліктерді атайды
ХІХ ғасырдағы үнді қоғамында болған өзгерістер туралы қорытынды жасаңыздар (ағылшындар және үнділер тарапынан)
(С) Талқылау жұмысы:
-Үндістан халқы отарлаушылар олардың өміріне енгізген өзгерістерге қалай қарайды? Неге?  
-Ағылшындар мен үнділердің үнді қоғамындағы өзгерістерге қарым-қатынасы бірдей бола ма?  
-Екі жақтың пікірі ұқсас болатын жағдайлар болуы мүмкін бе?
Қорытынды жазғызу
 (С) Оқушылар тарапынан кері байланыс жасау сұралады. «Үнділік сәлем».     
 (С) «Көтеріліс» (2005 ж) атты үнді фильмінен үзінді көрсетілді.  
Талданатын сұрақтар:
-Үнділердің бұл оқиғаға көзқарасы қандай деп ойлайсыңдар?     
- Фильмнің бұл үзіндісінен ағылшындарға қарым-қатынас қандай болғанын көре аламыз ба?  
(Т) Тапсырма. «Шахмат тақтасы» тәсілі арқылы мәтіннен оқып білгендерін талқылап, жазады, сынып алдында қорғалады
1-топ: Көтерілістің себептері мен салдарларын;
2-топ: Қазіргі үнділердің осы көтеріліске көзқарасын;
3-топ: ХІХ ғ ағылшындардың осы көтеріліске көзқарасын; 
4-топ: Көтеріліс барысында сипай жауынгер М. Пандейдің атқарған ролін.
Дадабхай Народжидің карточкалары
Слайд
«Шахмат тақтасы»     
Сабақтың соңы
 32-36 мин     
36-39 мин
3 тапсырма:  
ҚБ тапсырмаларын орындау. 3-4 оқушыға оқыту
Кері байланыс
«Желпуіш»
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, «Үндістан-көп ұлтты мемлекет» тақырыбында
шағын әңгіме  құрастырып келу.
ҚБ тапсырмалары
Ақ А4 беттер