19
апрель
2019
"ХІХ ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі" қазақстан тарих пәнінен зерттеу сабағы
Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтары мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытудың тиімді құралы ретінде
Динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді екі түрі бар: 1) сабақтарды бірлесе жоспарлау және 2) өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау.Сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім. "ХІХ ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі" қазақстан тарих пәнінен 8 "А"зерттеу сабағы (Lesson Study) өтті.




