21
февраль
2019
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы менің пікірім
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: «Махаббат пен абырой» | Мектеп: №16 | |||||||||||||||||
Күні: 21.02.2019 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Н.Н | |||||||||||||||||
Сынып: 8 «Б» Қазақ әдебиеті | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттар | 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: поэма мазмұнын түсініп, өз ойын білдіре алады. | |||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: поэмадағы автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін оқушы өз бетінше іздене отырып ашады. | ||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін оқушы өз бетінше іздене отырып сипаттайды. | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушы орындай алады: автор бейнесін талдау барысында автордың көңіл күйі мен оның суреткерлік мұраты мен бойындағы адами құндылықтарды да түсіндіріп береді. | |||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: негізгі драмалық тартыс, диалог, табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас | ||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Рухани құндылықтарға тәрбиелеу | |||||||||||||||||
Пəнаралық байланыс | Музыка, биология, бейнелеу өнері | |||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану | https: // bilimland.kz, слайдтар | |||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Поэма жанрының ерекшелігі. «Аққулар ұйықтағанда» поэма | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурс-тар | Бағалау | |||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | 1.Оқушыларды 4 топқа бөлу. 2. «Әңгіме кестесі» 1.Поэманың аты: 2. Поэманың авторы: 3. Кейіпкерлері: 4. Қай кезеңді суреттейді: 5. Поэма немен аяқталды: 6. Не үйретті: | Слайд | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин | 1.Жұппен жұмыс. «Ойлан–жұптас–бөліс» тәсілі І, ІІІ топ: 1. Бала өліміне не себеп болды деп ойлайсыңдар? Баланы емдеуге болар ма еді? 2. Ананың орнында қандай шешім қабылдар едіңдер? 3. Ақын орнында поэманы қалай аяқтар едіңдер? ІІ, ІҮ топ: 1.Өмірдегі қасиет пен қасірет туралы не білесіңдер? 2.Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма? 3.Поэмада көтерілген экологиялық мәселе туралы не айтасыңдар? Дескриптор: - сұрақтарға жұбымен ақылдаса отырып жауап береді; - өзіндік көзқарастарын білдіреді. 2. Жекелеме жұмыс: «Кейіпкер» әдісі
- кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды; - кейіпкерге баға береді; - кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын ой тұжырым жасайды. 3.Топтық жұмыс 4 топқа 4 түрлі маркер беру, флипчарт тарату. 1,3-топ: Шығармадан көрінетін автор бейнесіне постер жасап қорғаңдар 2,4-топ: «Балық қаңқасы» тәсілі арқылы автор бейнесіне қатысты себептер мен дәлелдемелер тауып қорғаңдар. Дескриптор: -автор бейнесіне постер жасап қорғайды; -мәтіннен автор бейнесіне қатысты себептер мен дәлелдер табады Топтардың қорғауы. «Бағдаршам» тәсілімен топ жұмысын өзара бағалау | Слайд Кесте А3, маркер | | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Үйге тапсырма: 137-бет 10-тапсырма Мадақтау сэндвичі
| |||||||||||||||||
Қосымша мәлімет | ||||||||||||||||||
Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Тапсырмаларды сыныптың оқу деңгейіне сай бере отырып, оқушылардың кейіпкерлер мен автор бейнесін талдау барысында автордың көңіл күйі мен оның суреткерлік мұраты мен бойындағы адами құндылықтарды түсіндіріп беруіне қолдау көрсетіледі. | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақта «Бас бармақ», «Бағдаршам» стратегиясы сияқты бағалаудың түрлері қолданылады. Оқушылар қолпашталып, көтермеленіп отырады. | Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс. Музыка, бейнелеу өнері пәнімен байланысады. | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||

