06
май
2019
"Тұлпар мініп,ту алған" ұлттық жобасы
Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры.«Бұл жоба мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен де, биылғы жастар жылымен де тығыз байланысты. Басты мақсат – оқушыларды рухани адамгершілік қырынан дамыту мен қазақ халқының «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды» және т.б. эпостары арқылы қазақ халқының бай этно-мәдени және философиялық мұрасы негізінде тәрбиелеу болмақ.Негізгі бағыт тарихи эпостарды жаттау. Туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну басты талаптардың бірі. Поэтикалық тексті меңгеру арқылы оқушы тарихты да терең түсіне бастайды. Сондай-ақ, есте қалатын поэтикалық мәтін оқушының сөйлеу мәдениетін, сауатты жазуын қалыптастырады. Осылайша әдеби шығармаларды талғаммен таңдауына негіз қалайды.
Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Осы тұста "Тұлпар мініп,ту алған" ұлттық жобасындағы "Қобыланды батыр" жырын біздің ұл балалар жатқа айтып, эстафетаны №37 мектеп-гимназияның директоры Малгаждарова Жанат Зейнедовнаға табыстады. Бұл іс-шарамыз сайыс түрінде өткізіліп, оқушылар жүлделі орындармен марапатталды