TedX жобасы «Бақыт деген не?» » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » TedX жобасы «Бақыт деген не?»
12
март
2019

TedX жобасы «Бақыт деген не?»

Күні: 12.03.2019жМұғалімнің аты-жөні: Ажгожина М.Д  Кенжина Н
Сынып: 5-7 Қатысқандар саны: 110
Жобаның тақырыбы: TedX жобасы  «Бақыт деген не?» 
Жобаның түрі: Өз ойларын еркін айту, пікір алмасу
Жобаның мақсатыОқушылардың бойында шешендік өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру TED -тің «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алу, этикалық, танымдық, әлеуметтік, психологиялық мәселелерді талқылап, құндылықтар мен мақсаттарды қалыптастыру, оқушының бойында тыңдай білу, түсіну, өзінің мүмкіншіліктерін шынайы бағалай білу, таным кеңістігін, ой-өрісін кеңейту секілді дағдыларды қалыптастыру, сол арқылы оқушының тұлға ретінде дамуына  үлес қосу.
Күтілетін нәтижеКлубта оқушылар қойылған мәселе бойынша өз пікірлерін жеткізуге үйренеді.     Сонымен қатар оқушылар өз ойын ашық айтады, дәлелді сөйлеп, пікірін дәйекті қорғай біледі, басқа адамның ой-пікірін, көзқарасын сыйлап, тыңдай біледі, басқа көзқарасқа құрметпен қарайды
Жобаның өтілу барысы                                                                     Ресурстар
Жобаның басы Жүргізуші кіріспе сөз арқылы жобаны бастайды. Ортаға 6-7-сыныптың     оқушылары ТЕД х жобасының мақсатын өлеңмен түсіндіреді.
7«А» сынып оқушысы М.А. «Қобыланды батыр жыры» жатқа оқиды
Әуен 
Жобаның ортасыОртаға 5-7сыныптың спикерлері шақырылады.
  1. 7 «А» сынып оқушысы А.А «Сөз қадірі-өз қадірің»
  2.  7 «А»     сынып оқушысы  Қ.А «Сабыр-ақыл серігі»
3.7 «А» сынып оқушы С.Л «Көргендінің қылығы көңіл марқайтады»
4.7 «А» сынып оқушысы А.М «Жомарт жоғын білдірмейді»
5. Қ.Ә «Аманатқа қиянат жасамау»
6. 7 «ә» сынып оқушысы  С.Е «Алдымен сүй, ардақта ана- анаңды»
7. 7  «б» сынып оқушысы Қ.Р «Қанағат- қарын қойғызады»
Слайдтар 
 
Бейнетаспа 
Жобаның аяғыКері байланыс
«Бақыт деген не?» деген сұраққа тыңдармандар тарапынан жауап алу.
Тыңдармандар келесі ТЕДх ке арқау болар тақырыпты айтады. Өз ойымен бөліседі. Жүргізушінің     қорытынды сөзі

РефлексияБүгін оқушылар не білді?
TedX жобасында оқушылар «Бақыт деген:
  • Ата–ананы құрметтеу
  • жомарттық, аманатқа  қиянат жасамау;
  • қанағатшылдық, көргенділік осы сияқты асыл қасиеттерді көре білу екенін түсінді
Мен үшін табысты болған екі нәрсе не?
  1. Өз пікірлерін ашық айту, дәлелді  жеткізуге үйренді.
  2. Оқушылардың бойында ғылыми зерттеушілік қабілеттері дамытылды. «Таратуға тұрарлық идеяларды» таңдай алуға, оны дәйекті пікірлер арқылы дәлелдеуге үйренді. 

Қорытынды бағамдауОқушыларды әлі де белсенді қатысуға, яғни тақырыпқа байланысты өз пікірін жасқанбай, еркін жеткізу дағдыларын жетілдіру. 10-сынып оқушылары тарапынан түскен ұсынысты ескеріп, болашақта түлектерді шақырып мамандық таңдауға, сол мамандыққа байланысты пәндерді таңдау, дайындық жұмыстарын жүргізудің қыр-сыры туралы ТED форматында жоба ұйымдастырып өткізу. Тыңдармандарды өздеріне тарту, қызықтыру мақсатында спикерлерге әлі де көбірек жұмыс жүргізу қажеттігі туындады.