26
сентябрь
2018
«Мақтанышым-Астана» Астана қаласына саяхат
«Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 4-11 сыныптарынан 100 оқушы, 9 мұғалім, 1 медбике «Тәрбие мен білім» кіші бағдарламасындағы «Отаным – тағдырым» базалық жобасы бойынша Астана қаласына барды. Бағдарламада: ҚР Тұңғыш Президенті және Ұлттық мұражай, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы, ЭКСПО «Нұр әлем» көрмесіне барып жанды сабақ өткізді. Сондай-ақ, Астана опера театрында «Абай» спектаклін тамашалады. Елорданың тарихи орындары «Керей хан мен әз Жәнібек» монументалды-шығармашылық композициясы, «Кенесары хан» ескерткіші, «Отан қорғау» монументі, Тәуелсіздік алаңына саяхат жасады.
Мақсаты: Ел ордасы Астана келбетімен таныстыру. Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің құнды жәдігерлері мысалында рухани баюына септігін тигізу, тарихи-мәдени жәдігерлері негізінде өлкенің даму тарихын, тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлерінің өмірбаянына қатысты тың мәліметтермен таныстыру арқылы тарихи санасының қалыптасуына ықпал ету.