«Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік»облыстық әдістемелік-тәжірибелік семинар
Семинар жұмысының аясында «Орта білім беретін үздік ұйым-2024» байқауының жүлдегері №16 жалпы орта білім беретін мектептің шығармашылық ізденістері, озық тәжірибелері таратылды. Семинарды «Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ директоры А.С.Исабаева алғысөзбен ашты. Мектеп директоры А.У.Сатаева «IMAGE – мектептегі көшбасшылықты жетілдіру» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мектеп мұғалімдері «Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», «Шеберлер керуені», «Креативті идеялар» алаңында ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді. Сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жобалар мен педагогикалық идеяларын паш етті. «Магистрлар мектебі», «Тәлім» жас мамандар мектебі, STEM-клуб, «Жалын» дебат клубы, «Жас сарбаздар» мен «Жас құтқарушылар» сыныптарының тың идеялары насихатталды. Семинарға қатысушылар мектеп мұражайымен танысып, «Даналық мектебі», «Абай әлеміне саяхат» клубы, «Мұрагер» домбырашылар ансамблі мен бишілер өнерін, мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткізілген READx-ты тамашалады.
Семинар соңында семинарға қатысушылар семинардан алған әсерлерімен, түйген ойларымен бөлісті.