Оқушыларды қаламгерлеріміздің шығармашылығын оқуға насихаттау » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларды қаламгерлеріміздің шығармашылығын оқуға насихаттау
02
февраль
2024

Оқушыларды қаламгерлеріміздің шығармашылығын оқуға насихаттау

"Абай облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы" КММ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-мен бірлесіп, «№16 Т.Аманов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасы және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу міндетіне сәйкес қаламгерлеріміздің шығармашылығын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі тұтып, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, пән мұғалімдерінің құзыреттіліктерін арттыру  мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
    Ұйымдастырушы: «Абай облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ  директоры м.а. Айнур Серғалиқызы Исабаева және «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ Оқыту мазмұны мен білім сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Төлеуғайша Әуелханқызы Алиева, «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы" КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Дана Бекенқызы Отынбаеваға көп рақмет.    Байқаудың бірінші кезеңінде Мағжан Жұмабаев (130 жыл), Сұлтанмахмұт Торайғыров (130 жыл), Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынованың бір шығармасын мәнерлеп оқыды. Әділқазы  мүшелері: Тоқсамбаева Айман Омарқанқызы -  Шәкәрім университеті оқытушысы, профессор;  Дана Бекенқызы Отынбаева -«Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы" КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері; Ақсуат ауданы Ысқақ Кабеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, педагог-зерттеуші - Сейсенбинова Динара Асқарқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық мәнерлеп оқу байқауында І орын иеленген Құрманғалиева Дана Ержанқызы «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі»КММ мұғалімі С.Торайғыровтың «Мен Қазақ» өлеңін оқыды. Құтты болсын!
     Байқаудың екінші кезеңінде республикалық деңгейде оқушылары жүлделі орын алған ұстаздар мастер-класс өткізді.  Г.А. Кунафина - Семей қаласы  «№16 Т. Аманов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер; Ж.Е. Есенова  -  Семей қаласы  «№16 Т. Аманов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы; 
Р.Қ. Жумабекова -«№16 Т. Аманов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші; 
А.Т. Комекова - Аягөз ауданы «Мыңбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Ж.Ж. Мырзабекова - Семей қаласы  «А.Байтұрсынұлы атындағы №47 ЖОББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші; 
Ж. Қасымқызы  -«А.Байтұрсынұлы атындағы №47 ЖОББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
    Мәнерлеп оқу сайысы мәңгілікке тот баспайтын асыл өнеріміздің бірі ұрпаққа жалғаса бермек.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив