28
октябрь
2024
Шеберлік-тәжірибелік алаңы
28 қазан күні №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Әдістемелік кеңес аясында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ «Пәндік олимпиадаға оқушыларды дайындау: креативті идея, үздік нәтиже» тақырыбында шеберлік-тәжірибелік алаңы ұйымдастырылды. Педагогтер үш алаңға бөлініп, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Э.М.Райымбекова, физика пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Б.Д.Хамитова, бастауыш сынып мұғалімдері педагог-зерттеуші Г.Б.Байжулданова мен педагог-сарапшы Қ.Р.Қағазбаева сынды ұстаздар озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
