“Ананың жүрегі” атты аналар мен қыздарға арналған тренинг » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ананың жүрегі” атты аналар мен қыздарға арналған тренинг
06
март
2025

“Ананың жүрегі” атты аналар мен қыздарға арналған тренинг

6 наурыз күні “Ананың жүрегі” атты аналар мен қыздарға арналған тренинг өтті 6 наурыз күні мектепте педагог-психолог Баяндинова Үміт Данияровнаның ұйымдастыруымен “Ананың жүрегі” атты аналар мен қыздарға арналған тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты — аналар мен қыздар арасындағы түсіністік пен сүйіспеншілікті нығайту, олардың бір-біріне деген сенімін арттыру болды. 💖

Тренинг барысында қатысушыларға аналық махаббаттың таусылмас қазына екенін ұғындыратын әсерлі әңгімелер мен психологиялық жаттығулар ұсынылды. Аналар мен қыздар бір-біріне арнап жүрекжарды тілектерін айтып, өз сезімдерін ашық білдірді. Сонымен қатар, сенім мен қолдаудың маңыздылығы жайлы пікір алмасып, отбасыдағы өзара түсіністікті сақтауға бағытталған кеңестер алды.

Жаттығулар арқылы аналар мен қыздар өзара байланыстарын күшейтіп, бір-бірін тереңірек танып-білді. Тренинг жылы әрі шынайы атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

Осындай жанға жылу сыйлайтын іс-шара үшін Баяндинова Үміт Данияровнаға алғыс білдіреміз! Мұндай кездесулер отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік пен өзара түсіністікті нығайтуға зор ықпал етеді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив