Ашық есік күні » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2022

Ашық есік күні

9 сәуір күні №16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте Бастауыш сынып ата-аналарына арналған «Құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеуде мектептің рөлі» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: «Отбасы-мектеп» жобасы аясында ата-аналармен қатынасты үйлестіру.
Ашық есік күнін акт залында мектеп директоры  Құрманғалиева Бақытгүл Қадылбекқызы ашып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ажғожина М.Д іс-шараның жоспарымен таныстырып өтті. 100жылдық тарихы бар мектебіміздің тынысымен таныстыру мектеп мұражайынан басталды. Ата-аналар мұражайдан мектеп тарихы туралы құнды мәліметтер алды.
Мұражайдан шыққан ата-аналарды Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйімен мектеп оқушыларынан құралған оркестр қарсы алды.
Жоспарға сәйкес ата-аналар 5 алаңға бөлінді. Әр топты топ басшылар бастап жүрді.
Абай шығармалары-құндылық негізінің жаршысы.
1алаң: Абай әлемі алаңы. Мақсаты: «Абай әлеміне саяхат» клубының жұмысымен таныстыру.
Абай өлендерін жаттау арқылы Абай шығармашылығына қызығушылықтарын арттыру .
Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жолы-кітап оқу.
2 алаң: Оқырмандар алаңы. Мақсаты:балалардың кітап оқуға деген құштарлығын оятуға арналған әдістермен таныстыру.
Мектеп кітапханасының кітап қоры, жаңа жиһаздармен, интерактивті тақтамен жабдықталуы  ата-аналар көңілінен шықты.
Психологиялық ахуал-ізгілік, өзара қарым –қатынас негізі.
3 алаң: Психологиялық тренинг алаңы. Алаңда ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.
Тренингті жүргізген мектептің педагог-психологтары Г.Ж.Торсыкбаева және С.Д.Гизатовна
Ұлттық және бұқаралаық спорт түрлері арқылы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау.
4 алаң: Мектеп үйірмелеріне саяхат алаңы. Мақсаты: Ата-аналарды мектепте ұйымсмдастырылған  үйірме жұмыстарымен таныстыру.Баскетбол, воллейбол, теннис, қазақша күрес,тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, домбыра, қолөнер  үйірмелерінің жұмысымен танысты.
5 алаң: Кері байланыс алаңы. Өткен іс-шара бойынша ата-аналар ой бөлісті.
Ашық есік күні
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив