15
май
2023
"Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумы
"Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумында айтылған ой-пікірлер. Бүгін Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті. Шараға ата-аналар комитеттері мен қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері мен еліміздің сарапшылар қауымының өкілдері қатысты. Форумның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды дамыту мен насихаттауда ата-аналар қауымының белсенді рөлін арттыру.Форумға қатысушылар бала тәрбиесінде отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдардың, ата-аналар қауымының, мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы бірауыздан өз пікірлерін білдірді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен рухани құндылықтар негізінде отбасылық келісімге қол жеткізу, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу жауапты ата-ананың қатысуынсыз мүмкін емес.
Форум барысында қатысушылар отбасы тәрбиесіне қатысты пікір алмасып, отбасы институтының өзекті мәселелерін шешудің тиімді жолдарын талқылады.
Форум барысында қатысушылар отбасы тәрбиесіне қатысты пікір алмасып, отбасы институтының өзекті мәселелерін шешудің тиімді жолдарын талқылады.
