05
февраль
2025
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында СМУ
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында Семей Медициналық университеті оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша маңызды ақпараттар мен кеңестер берілді. Мақсаты – оқушыларды болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыттау, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай мамандықтарды ұсыну, сондай-ақ медициналық білім алу жолдары мен Семей Медициналық университетінің ұсыныстары туралы ақпарат беру. Кәсіби бағдар беруші, университеттің тәжірибелі маманы Баяндинова У.Д. оқушыларға медициналық саладағы түрлі мамандықтар туралы айтып, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен талаптарын түсіндірді. Оқушылар сұрақтар қойып, өздерінің қызығушылықтарын білдірді. Бұл іс-шара болашақта өз жолын таңдап жүрген жастар үшін маңызды ақпарат көзі болып, кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстарын тиімді жүргізуге ықпал етті.
