03
октябрь
2023
Кәсіптік бағдар беру
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады.
Аталған міндеттерді жүйелі орындау мақсатында №16 Төлеу Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру проферентор маманы Н.Калдиева жұмыс істейді. Әр бір оқу жылында кабинет жұмысының жоспары бекітіліп түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесін негізгі 4 бөліп қарастыруға болады. Олар: Кәсіптік ақпарат, кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімдеу.