18
октябрь
2024
"Ата кәсіп – берекенің бастауы" кездесу
"Даналық мектебі" клубы жұмысы аясында 18 қазан күні 7-8 сынып оқушыларына арналған "Ата кәсіп – берекенің бастауы" тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Шара барысында оқушылар жергілікті аталармен жүздесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен кәсіби жолдары туралы әңгімелерін тыңдады. Кездесудің негізгі мақсаты – мамандық таңдауда ата-баба ақылының, олардың еңбек жолы мен өмірлік тәлімінің маңыздылығын түсіндіру. Аталар оқушыларға өздерінің еңбекке деген көзқарастары мен тәжірибелері арқылы адал еңбек пен ұлттық кәсіпті жалғастырудың берекеге апарар жол екенін жеткізді.
Сұрақ-жауап форматында өткен шарада оқушылар өздеріне қызықты сауалдарын қойып, кәсіби бағдар алудың, ата кәсіпті заманауи тұрғыда дамытудың жолдары туралы пікір алмасты. Кездесу жас ұрпақтың болашақ мамандықты таңдауда дұрыс бағыт-бағдар алуына және ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруіне септігін тигізді.