13
март
2023
Парламент мүшелері мектеп директоры Сатаева Айгул Уасиловнаның қабылдауы
Бүгін парламент мүшелері мектеп директоры Сатаева Айгул Уасиловнаның қабылдауында болды. Айгул Уасиловна көрісу күніне орай арнайы дастархан жайып, парламент мүшелерін өз кабинетінде дәм тату барысында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы есеп алды. Парламент мүшелері жоспар бойынша атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарлап отырған шаралары туралы айтты. Фракция жетекшілері өздерінің міндеттерімен таныстырып өтті. Отырыс соңында мектеп директоры Айгул Уасиловна парламент мүшелеріне сәттілік тілей отырып өзінің ұсыныстарын жеткізді.
