01
март
2023
"АЛҒЫС ЖҮРЕКТЕН ШЫҒАДЫ" атты мерекелік іс-шара
Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай мектебіміздің ардагер ұзтаздарына арналған "АЛҒЫС ЖҮРЕКТЕН ШЫҒАДЫ" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кеште мектеп директоры А.У. Сатаева ардагер ұстаздарға ыстық лебізін білдіре отырып, алғыс айтты. Мектеп ұстаздары мен оқушылары да тыс қалмады. Олар өздерінің алғыстарын өнерлерімен жеткізді.
"МҰРАГЕР" домбыра ансамблі өздерінің күйлерін паш етсе, Айзере, Нұрдаулет,Сенім,Аяла, Айбек, Аймерке сынды оқушыларымыз жыр шумақтарымен алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, халықаралық "Mega konkurs" байқауының жеңімпазы Амангелді Алим әсерлі әнімен тамсандырды. Өнерлі әріптестеріміз Екпін Мұратұлы, Айқын Серікбайұлы әсем әндерін арнады. Ардагер ұстаздарымыз аман болсын!
СІЗДЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС! #алғысайтукүні #ардагер
