05
апрель
2019
2019 жылы білім беру гранттары қалай берілетіні мәлім болды
2019 жылдан бастап білім беру гранттары июнь айында өткізілетін ЕНТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады.
Білім беру бағдарламаларының тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан тұрады. Жалпы білім беру бағдарламаларының 97 тобы бар.ЕНТ-да бейіндік пәндердің келесі комбинациялары анықталған:
Математика | Физика |
Математика | География |
Биология | Химия |
Биология | География |
Шет тілі | Дүниежүзі тарихы |
География | Шет тілі |
Дүниежүзі тарихы | Адам. Қоғам. Құқық |
Дүниежүзі тарихы | География |
Қазақ тілі/ Орыс тілі | Қазақ әдебиеті/ Орыс әдебиеті |
Химия | Физика |
Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер комбинациясымен Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсында «Здоровье сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласындағы:
1) «Мейірбике ісі»;
2) «Фармация»;
3) «Жалпы медицина»;
4) «Стоматология» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.
Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.
Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.
Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алады.
Дереккөз: edu.gov.kz