ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында мектеп ұжымымен дөңгелек үстел өткізілді Тарих пәнінің мұғалімі Байгельдина Молдир жолдаудың негізгі бөлімдеріне тоқталды. І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ. II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ. III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты; Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек; Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн; Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын; Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі деген Елбасының алдағы қойған мақсаттарын орындау үшін жұмысты жандандыруымыз керек екенін айтып өтті. Жас мамандар келесі жыл «Жастар жылы» болатына және "7-20-25", «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асатына өз ризашылықтарын білдірді.