12
январь
2021
«Bebras» информатика бойынша халықаралық ойын-сайыстың жеңімпаздары!!!
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 24-27 декабрь аралығында информатика және ақпараттық технологиялар бойынша «Bebras» халықаралық ойын – конкурсының (бұдан әрі – «Bebras» конкурсы) онлайн форматта өткізілді. Конкурстың мақсаты– оқушылардың оқу процесінде ақпараттық технологияларды, шығармашылық әлеуетін, олардың ақпараттық мәдениетін, оның ішінде алгоритмдік және логикалық ойлау қабілетін қарқынды дамыту болып табылады. «Bebras» конкурсына Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары қатысты. 1 орын Жұмағазы Д., Мұратқан А 3 орын, Саятов Е 3 орын, Токен Г 2 орын, Омарханов Е 2 орын жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаймыз!
