17
февраль
2020
3D модельдеу, спорттық робототехника облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі
2019 жылғы 15, 17, 18 февральында Семей қаласының бағдарламалау, 3D модельдеу, спорттық робототехника, бойынша облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі өтті. Чемпионатқа 300-ден астам оқушы қатысты. Чемпионат Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.
Чемпионаттың өткізілу мақсаты:
- Облыс мектептері оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін жандандыру және дамыту үшін жағдай жасау;
- Қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі дамыту үшін жағдай жасау;
- Білім алушыларда нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу және техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- Жоғары технологиялық өндіріс, инновация және инженерлік әзірлемелер саласында оқушылардың мүдделерін ынталандыру
Осы чемпионатта 3D модельдеу бойынша 3 орын 8 "А" сынып Максут Алихан, робототехника бойынша Бейсешев Нурасыл 2 орын, Рысбеков Шахмардан 2 орын жеңіп алды.