27
февраль
2020
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
2020 жылғы 26 февральда Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында құндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының қала, аудан білім беру мекемелері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 140 астам оқушы қатысты. Алты оқушыдан құралған 9-11 сыныптардың командасы Семей қаласының намысын қорғады. Оқушылар пән бойынша үздік білімдерін көрсетті. Аслан Буланбаев (11 сынып, №27 ЖОББМ) І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды Алсу Амренова (10 сынып, Семей қаласының №6 гимназиясы) иеленді. ІІІ орынды иеленген оқушылар: Раушан Оразбаева (9 сынып, Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ), ҚұралайСайлаубаева (10 сынып, Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ). Милана Бакшина (9 сынып, Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ), Аида Каримоваларға (11 сынып, Семей қаласының №6 гимназиясы) Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне белсене қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.
Дарынды балалармен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жүргізетін мұғалімдерді атап өтуге болады. Олар: Шынар Серікқалиева(№27 ЖОББМ), Нариман Сакин (Семей қаласының №6 гимназиясы), Гульназ Торсыкбаева (Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ), Дина Садвакасова (Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ), Валентина Романенко (Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ)
