09
январь
2025
ЕНТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
ЕНТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС ЕНТ-ға психологиялық дайындық.Школьникам психологиялық кеңес ЕНТ-ға дайындалудың тиімді жолдары — Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз? — Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек. — Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады .
Күн тәртібі: • * күнді үш бөлікке бөл; • * Тестке күніне 8-сағат дайындық; • * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге домшаруасымен айналысуға 8-сағат; • * 8-сағаттан кем ұйықтама; • * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.
ЕНТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болады? — Туған-туыстардың ЕНТ тапсырушыға барынша қолғабыс көрсеткені абзал. — Дайындықты ЕНТ тапсырудан 2-3 ай бұрын бастау қажет. Ең болмағанда, материалдарды қайталап тұрған дұрыс. —ЕНТ тапсырған аға-әпкелеріңізден кеңес сұраңыз. — Емтиханға керекті материалдарды ғана оқыңыз. — Шпаргалкаға уақыт жаратқанша, оқыған материалыңызды тағы да бірнеше рет қайталағаныңыз жөн. — Үзіліс кездерінде сыртқа шығып, таза ауа жұтыңыз. — Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз. — Емтиханға тыныш жерде дайындалуға тырысыңыз — ЕНТ сынағының алдында 1 тәулік ештеңені ойламай демалыңыз.
Тамақтану Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.
Тест күнгі тамақтану үлгісі: 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды. 2. Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. 3. Қатты қобалжығандықтан, сіздердің тәбетіңіз болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтану керек
ЕНТ алдында болатын қорқыныштың себептері : 1. Шамадан тыс жүктеменің болуы. 2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді. 3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 4. Ауру салдарынан болған әлсіздік. 5. Дәрменсіздік сезімі. 6. Өз біліміне күмәндану. 7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі) 8. ЕНТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы