05
февраль
2025
Мазасызданудан қалай айырылуға болады?
Мазасызданудан қалай айырылуға болады? 1. Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі-жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек. 2. қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылған не пайда бар? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, мәселен, жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б. 3. Көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгіліадамдармен талас-тартыспен, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелерімен, шаршауыңызбеннемесе ұзақ уақытқа созылған стресспен байланысты шығар. Мұндай жағдайларда әсері ауыр тиетін нәрселердің болмауы жөн. Оларды ең болмаса азайтуға немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысыңызды төмендетуге міндетті түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге-өзіңіз сеніңіз 4. Өзіңізді терең ойландыратын, толғандыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. өмірдің үйреншікті ырғағына түспеген жаңалықтар ендіруге тырысыңыз. 5. ең басты мәселе: бойыңызды мазасыздық сезімі кернеп жүрген кезде, онын себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам, асығыс қабылданған шешім қызбалықпен қате әрекет жасауға алып келуі ықтимал. Оқиғаның мән жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің жіберген қатеңізді қатты өкініп, кінәні сезінуден айыға алмай қиналасыз. 6. Таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе, өз жағдайыңыздан шыға алмай, уайым қайғыға беріліп жүресіз. 7. көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған жағымды кездерді, бақытты уақыттардың майда-шүйделеріне дейін еске түсіріп, қайтадан бастап өткізгендей сезімге бөленіңіз. 8. Менің алдымда тұрған барлық проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз.