25
апрель
2023
Ерлік сабағына жас офицерлермен кездесу
Бүгін Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Чурчитбаев Екпін Мұратұлы және 10 "б" сыныбының, сынып жетекшісі Мұстапанова Бақыт Әлімғазықызы ерлік сабағына жас офицерлермен кездесу ұйымдастырды. Ауған соғысы ардагері Ғажайып Төлеусейітұлы, жас офицер аға лейтенант Ерболат Мұратұлы және аға сержант Жиенбаев Азамат әскери өмірдің қыр-сырын, далалық оқу-жаттығулар іс жүзінде қиын болса - ұрыста оңай болатынын түсіндіріп, оқушыларға антына адал, сертіне сенімді, отан алдындағы борыштарын өтеп келуге шақырды. Мектеп директоры Сатаева Айгүл Уәсілқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, еліміздің ертеңі Отан қорғаушыларға ақ жол тіледі. Директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары Маржан Дәуітбекқызы мен Перизат Кәрімханқызы жүрекжарды тілектерін білдіріп, жақында өткен облыстық "Қайсар әскери спорттық ойынында" жүлделі III -орын алған мектебіміздің мақтаныштарын марапаттады!
