15
февраль
2023
" Өшпес ерлікке мәңгі тағзым" атты кездесу
14 февраль күні 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 10-11 сынып оқушыларымен " Өшпес ерлікке мәңгі тағзым" атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 34 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагері Сыздықов Ғажайып Төлеусейітұлымен кездесу өтті. Іс - шара сұрапыл соғыста қаза тапқан интернационалист жауынгерлер батыр ағаларымызға, 1 минуттық үнсіздік жарияланып, оқушыларға Ауған соғысы туралы бейнесжет көсетілді. Кездесуді мектеп директоры А.У.Сатаева ашып, интернационалист - жаугерлергерлеріміздің ұлы есімі мен ерліктері ғасырлар өтседе ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталатыннын айтып ақжарма ақ тілегін білдірді. "Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі, алсын қайдан кемеңгерді" деп ақындар жырлағандай ауған соғысы ардагері Ғажайып аға адамгершілікті бойына молынан сіңірген өте керемет жан! Мектебімізде кіші қызметкер болып жұмыс істейді. "Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті" деген екен бір дана қария. Ғажайып ағамызға оқушылар көкейлерінде шешімін таба алмай жүрген Ауған соғысы туралы сұрақтарын қойды. Өйткені оқушылар кітап бетінен ғана оқып білген сұрапыл соғысты, жастық шағын от пен оқтың арасында интернационалдық - жауынгерлік борышын борышын өткізген Ғажайып ағамыздың өз аузынан естіп куә болды.
Ауған ардагері, "Халық Қаһарманы" генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы Ертаевтың жүлдесіне арналған мектепшілік 8-9-10 сынып оқушыларымен өткен әскери - спорттық сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды құттықтап мақтау қағаздарын табыстады.
"Өшпес ерлікке -мәңгі тағзым" атты патриоттық кешті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ажгожина Маржан Дәуітбекқызы, ардагер Ғажайып ағамызға денсаулық, жанұясына бақыт, елімізге бейбіт өмір тілеп кешімізді аяқтады.
Т. Аманов атындағы мектептің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Чурчитбаев Е.М.

