05
апрель
2023
"Кітап-қазына" тақырыбында оқырмандар конференциясы
Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру - өте маңызды міндет. Осыған орай "Оқуға құштар мектеп" проект аясында 8-9 сынып оқушыларымен "Кітап-қазына" тақырыбында оқырмандар конференциясы болып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің пәні мұғалімі Оспанова Ляйля Тоқабайқызының мектеп кітапханашыларымен біріге жүргізген жұмыстарының нәтижесінде оқушылар оқу жылының басынан бері көптеген көркем әдебиетпен танысып, оқырман күнделігін жүргізіп отырды. Оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп ,ойларын ортаға салған мағыналы жиын болды. Конференциясы соңында кітабын оқып бітірген оқушылар әр түрлі номинация бойынша марапатталды. Мектебіміздің директоры Айгүл Уәсилқызы оқушыларға рақмет айтып, марапаттады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Т.Оспановаға өз ризашылықтарын білдірді.
