Материалы за Апрель 2025 года » Страница 5 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Апрель 2025 года » Страница 5
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
07
апрель
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ағылшын тілі пәнінен М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде өткен мектеп оқушыларының облыстық «JAS SKILLS ABAI-2025» чемпионатында ІІІ дәрежелі диплом иеленген 9-сынып оқушысы Турсумбекова Аяулымды (жетекшісі - Толеуова Айнаш Алмасқызы) және белсенділік танытқаны үшін марапатталған 9-сынып оқушысы Ержанқызы Нағиманы (жетекшісі - Ибрагимова Ақмарал Азаматовна) ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
06
апрель
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Есетұлы Әділжан – облыстық турнирдің жүлдегері. 2025 жылы өткен Лепес Батыр Саршаұлы атындағы облыстық ашық турнирде, қазақ күресінен 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында мектебіміздің намысын қорғаған Есетұлы Әділжан ерекше нәтижеге қол жеткізді. Жас балуан намысты қолдан бермей, қарсыластарының алдын орап, 3-орын иеленді. Бұл турнир – болашақ чемпиондарды анықтайтын маңызды дода. Әділжанның бұл жеңісі – оның тынымсыз еңбегі мен табандылығының жемісі. Төбесіне тақиясын қисайтпайтын
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік
05
апрель
2025
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік
Бүгін, 5 апрель күні, Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен ұйымдастырылған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Мектеп ұжымы аумақты тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты — қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеу жасап, өңір тұрғындарына үлгі көрсету.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
04
апрель
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Халықаралық шығармашылық, балалар, жасөспірімдер және ересектер арасындағы көпжанрлы "BEST STARS ALMATY" байқау-фестивалінде "Хореография" номинациясы бойынша өнер көрсеткен 7 "А" сынып оқушылары Бекжанова Кәусар мен Қажыгелдина Аяулым БАС ЖҮЛДЕ иеленіп келді. Құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
03
апрель
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Алматы қаласында өткен Оразғали Сейітқазы атындағы II-ші Республикалық “Киелі қобыз” жас қобызшылар байқауында 8 “Ә” сынып оқушысы Исаев Ералы топ жарып 1 орын иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
“Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы
02
апрель
2025
“Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы
2-апрель Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай мектеп кітапханасында 8 сыныптар арасында “Болашаққа кітаппен”атты кітапханалық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы,кітапқа деген қызығушылығын арттыру,білімге деген құштарлығын ояту,кітапты сүюге,таза ұстауға тәрбиелеу