"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік
Бүгін, 5 апрель күні, Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен ұйымдастырылған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Мектеп ұжымы аумақты тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты — қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеу жасап, өңір тұрғындарына үлгі көрсету.